27 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №86

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 18 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2016 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1380 теңге мөлшерінде белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.